Қайта өңдеу саласын қаржылық қолдау құралдары кеңейтілді


Новости / 06 мар 2026 14

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, қайта өңдеу кәсіпорындары үшін негізгі құралдарды сатып алуға 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген кредиттер, ал айналым қаражатын қаржыландыруға 5% мөлшерлемемен несиелер енгізілді.

«Кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры арқылы қарыз сомасының 85%-ына дейін кепілдік беру қарастырылған. Сондай-ақ инвестициялық субсидиялау шаралары кеңейтілді. Егер инвестицияларды өтеудің стандартты үлесі 25% болса, басым бағыттар үшін ол ұлғайтылды. Қант өндірісі мен жұмыртқа өңдеу үшін 40%-ға дейін, ал жоғары технологиялық өндірістер үшін 50%-ға дейін қарастырылған. Қабылданған мемлекеттік қолдау шараларының арқасында сала тұрақты оң динамиканы көрсетуде», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.