2026 жылы құқықтық мониторинг аясында 30 заңға талдау жүргізілді


Новости / 16 сен 2026 12

ҚР Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институты қолданыстағы заңнаманың тиімділігін талдау арқылы қолданыстағы заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді.

«2025 жылы біз 50 заңды талдадық. Биыл тағы 30 заңға мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша құқықтық базаны жақсарту жөніндегі ұсыныстармен анықтама дайындаймыз», – деді Институт директоры Жанар Жігітекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Институт қызметінің тағы бір бағыты – Конституция мен заңдардың мазмұнын құқықтық түсіндіру. Қазір Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің жаңа редакциялары әзірленуде. Осы мақсатта Әділет министрінің бұйрығымен арнайы жобалық кеңсе құрылды.

Жобалық кеңсенің міндеті – қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу заңнамаға кешенді талдау жүргізу және оны халықаралық стандарттар мен озық шетелдік тәжірибе негізінде қолдану.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.