2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушылары жаңа тәсілмен бағаланады


Новости / 17 авг 2026 5

Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін қайта қарады. Оған ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары мен практикалық тәжірибесі, білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулердің қорытындылары негіз болды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, критериалды бағалау жүйесі сақталады. Осыған сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілдері енгізіледі.

«Бірінші сыныпта баға қойылмайды. Жаңартылған тәртіпте формативтік бағалау сақталып, оның рөлі күшейтіледі. Ал оқу бөлімдерін меңгеру нәтижесін анықтау үшін аралық бағалау енгізіледі. Ең алдымен формативтік бағалаудың тоқсандық бағадағы үлесі артады. Формативтік бағалау бұрынғыдай 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Тек балл қою тәсілі нақтыланады», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.